Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы

05.09.2017
103
10:16
Маңғыстауда темірбетон өнімдерін шығаратын зауыт іске қосылды

Елбасының Үдемелі индустриялды-инновациялық даму бағдарламасын іске асыру мақсатында және Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағында темірбетон өнімдерін шығаратын зауыт ашылды. Өндіріс орнын салтанатты түрде Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов ашты. 

  Айта кетейік, «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы Елбасының тікелей тапсырмасымен салынған.   Мақсат – өңірдің өндірістік секторын және экономикасын дамыту. Бүгінде мұнда 16 жоба іске асып, 1144 жұмыс орны ашылған. «Ақтау теңіз порты» АЭА инвестиция тартуға ең ыңғайлы орын, өйткені мұнда инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін инвесторларға көптеген преференциялар көзделген.

  «QSM Precast Concrete Aktau» компаниясы қазіргі уақытта Құрық портына қажетті өнімді дайындаумен айналысуда.

  Жоба «Найза құрылыс» ЖШС-мен жасасқан шарт негізінде жүзеге асырылып отыр. Компания облыстағы «Құрық» портының бас мердігері болып табылады

– «Қазақсельмаш Корпорациясы» компаниясын бүгінгі зауыттың ашылуымен   шын жүректен құттықтаймын. Бүгінгі таңда басты мәселе жаңа жұмыс орындарын ашу және халықты жұмыспен қамту. Зауыт аумағында 200 жұмыс орындары ашу көзделген. Жобаның қуаттылығы тәулігіне 150 дана тетрапод шығару. Өнімді дайындауға негізгі шикізат аймақтағы өте көп құм, цемент, қиыршақ тас және арматура пайдаланылады. Жобаға 768 млн. теңге инвестиция тартылады. Өлкемізде осындай кәсіпорындар ашылып жатқаны қуантады. Зауыттың ұжымына табыс тілеймін, - деді Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов.

QSM корпорацисы басқармасы төрағасының орынбасары Ғалымжан Оспанқұловтың айтуынша, компанияның басқа бәсекелестеріне қарағанда артықшылығы бетонның бағасын арзандататын  жаңа технология қолданылады.

  Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі 


Ақпараттық ресурстар
Сайт карталары