Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы
сенім телефоны
31-35-89

21.09.2017
121
18:40
ЭКСПО-2017 xалықаралық мамандандырылған көрмесі Маңғыстау облысына экономикалық диверсификацияға, өндірістік қуаттарды жаңартуға, жаңа технологиялар мен инвестицияларды тартуға қуатты серпін берді

Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Орталық коммуникациялар қызметінде cөз сөйледі. Баспасөз конференциясында облыс басшысы Ералы Тоғжанов БАҚ-ына Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың тапсырмаларының орындалу барысы туралы баяндап, ЭКСПО-2017 xалықаралық мамандандырылған көрмесі Маңғыстау облысына экономикалық диверсификацияға, өндірістік қуаттарды жаңартуға, жаңа технологиялар мен инвестицияларды тартуға қуатты серпін бергенін айтты.

·  ЭКСПО-2017 көрмесі аясында Түркияның, Қытайдың трансұлттық компанияларымен және 20-дан астам елдің 40 делегациясымен кездесулер өтті. Маңғыстау облысы әкімдігі инвестиция көлемі 1,5 млрд. АҚШ долларын құрайтын 7 меморандумға қол қойды, - деді Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов. Қол қойылған меморандум аясында «Reach Energy» малазиялық компаниясы Маңғыстауда табиғи газды сұйытатын зауыт құрылысын бастап кетті.

·  Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 2016 жыл - қаңтар-тамыз айлары - 82,2%, 2017 жылдың қаңтар-тамыз айлары - 110,8%.

·  Шағын және орта бизнеспен айналысатын кәсіпкерлер саны өткен жылмен салыстырғанда 2000-ға артқан.

ЭКСПО көрмесінде көрсетіліп, Маңғыстау облысында енгізілген жаңа технологияларды, жасыл экономиканың технологияларын, энергияны үнемдейтін элементтерді енгізу шеңберінде мынадай жобалар бар:

§  Қаламқас кен орнында 45 МВт газ турбиналық электр станциясын енгізу, бұл энергия шығынын 8,3 млрд. теңгеге үнемдеуге мүмкіндік береді,

§   «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ қазақстандық газ өңдеу зауытын жаңғырту жобасы нәтижесінде апаттар қаупі төмендейді,

§   «Өзенмұнайгаз» АҚ газ кен орнынан қуаттылығы 50 МВт газ турбиналық электр станцияларын салу жобасы, бұл электр қуатының шығындарын 50% үнемдеуге мүмкіндік береді,

§  «Өзенмұнайгаз» АҚ кен орнында майлы (құрамында мұнайы бар) қалдықтарды құрылыс материалдарын шығаруға пайдалану.

–ЭКСПО-2017 тақырыбы - «Болашақтың энергиясы» экология мәселесіне жаңа көзқараспен қарауға мүмкіндік берді, бұл біздің аймақтың өзекті мәселесі», - деді Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов.

Маңғыстау – ашық аспан астындағы мұражай. Туристерге қасиетті орындар мен табиғи ескерткіштердің көзі ретінде тартымды. Қазіргі таңда  ЮНЕСКО-ның жаһандық геопарк мәртебесін иелену үшін аумақты зерттеп, ЮНЕСКО-да таңдалған жерлерге номинациялау жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, шетелдік және отандық туроператорларға және БАҚ өкілдеріне арналған инфотур, инвестициялық форум өтті. Nomad Explorer командасының бастамасымен М.Сейсембаевтың басшылығымен «Үстірт құпиясы» атты автоэкспедиция ұйымдастырылды. Облыста демалыс аймағын салу үшін бөлінген жағалау аймағын жақсарту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Ералы Тоғжанов аймақ тұрғындарының халықаралық көрмеге келуі туралы айтып өтті. Маңғыстау облысы мен Астана қаласының қашықтығына қарамастан, ЭКСПО-2017 көрмесі кезеңінде 80 040 маңғыстаулық (жоспар бойынша - 65 мың адам) барған. Оның 14 120 - мектеп оқушылары, колледждер мен ЖОО студенттері және еріктілер. ЭКСПО көрмесінің аяқталысымен оқушылар мен студенттер баламалы энергия көздері мен инновациялық технологиялар саласында 20-дан астам жобаны бастады, бұл балалар санасының өзгеруін дәлелдейді. Мысалға, 5 балабақша мен 2 мектепте энергия үнемдеу жобасы электр қуаты шығындарының 40% төмендеуіне әкелді.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі


Ақпараттық ресурстар
Сайт карталары