Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы

06.10.2017
46
15:53
Маңғыстауда «Қазақстандағы Арнайы экономикалық аймақтардың таныстырылымы» атты халықаралық форум өтті

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың тапсырмасын орындау мақсатында  бүгін Ақтау қаласында Қазақстандағы Арнайы экономикалық аймақтардың инвестициялық әлеуетінің таныстырылымы өтті. Халықаралық форумға Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов, «Kazakh Invest» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Біржан Канешев,  12 елден келген инвесторлар және Әзірбайжан, Түркия, Иран, Литва елдерінің консулдары қатысты.

Арнайы экономикалық аймақ - экономикалық дамудың қозғаушы күші, инфрақұрылымды дамытудың маңызды факторы.

Мемлекет басшысының Жарлығымен елімізде арнайы экономикалық аймақтар құрылған еді. Бүгінде Қазақстанда әртүрлі салалық бағыттағы 10 арнайы экономикалық аймақ бар. Мысалы, «Оңтүстік» АЭА-ы тоқыма өнеркәсібінде, «ПИТ» АЭА-ғы ақпараттық технологиялар бойынша, «Павлодар» және «Атырау» АЭА-тары  химия және мұнайхимиясы бойынша маманданған.  Ал, «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы іске қосылғаннан бері 88 млрд.теңге инвестиция тартылып, 241 млрд.теңгенің өнімі өндірілді. Бюджетке 21 млрд.теңге көлемінде салықтар төленді. Аймақта 15 мекеме белсенді қызмет етуде және 1 144 жұмыс орнын құрылды.

Форумда Ақтау, Атырау, Шымкент, Алматы, Тараз, Павлодар қалаларының арнайы экономикалық аймақтары (АЭА) таныстырылды. АЭА-дағы басқарушы компаниялардың басшылары шараға қатысушы қонақтарды АЭА-тың ерекше жағдайымен таныстырып, сәтті іске асырылған жобаларды ұсынды. Олардың даму тәжірибесі мен болашақ жоспарлары туралы айтып берді.

 «Kazakh Invest» ҰК» АҚ АЭА дамыту департаментінің басқарушы директоры Еркежан Әмірханованың айтуынша, бүгінде АЭА территориясында 160-қа жуық инвестициялық жоба жүзеге асырылған. Оның 20 пайызы шетелдік. Қазір АЭА алаңында 11 мыңнан астам адам жұмыс істейді.

- Маңғыстау облысы - өндірісімен қатар, сан саласы жедел даму үстіндегі бірден-бір аймақ. Қазақстанның экономикасын нығайтуға облысымыздың қосқан үлесі де зор, қол жеткізген табыстары да, жетістіктері де аз емес. Қазыналы өңірдің келешек үшін бергенінен әлі берері мол. Осы форум Қазақстанның жаңа инвестициялық мүмкіндіктерін сіздермен бірлесе саралауға жол ашады деп сенемін, - деді Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов.

Түркия, Сауд Арабиясы, Малайзия, АҚШ, Венгрия және басқа елдерден келген қонақтар отандық компаниялармен іскерлік қарым-қатынас орнатуға және одан әрі бірлесіп жұмыс істеуге қызығушылық танытты.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі


Ақпараттық ресурстар
Сайт карталары