Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы

06.03.2017
313
19:01
«Өнімділік – 2020» бағдарламасы шеңберінде «ҚИДИ» АҚ бас сарапшысының кәсіпорындармен жұмыс кездесулері

Ағымдағы жылғы 20-23 ақпанда Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде «Өнімділік – 2020» бағдарламасы аясында мемлекеттік қолдауды егжей-тегжей түсіндіру мақсатында, өңдеу өнеркәсібінде бизнесті дамыту және кәсіпкерлікті ынталандыру бойынша «ҚИДИ» АҚ сарапшысының облыс экономикасының басым секторларындағы кәсіпорындар басшыларымен жұмыс кездесуі өтті.

Облысқа келу кестесіне сәйкес 2017 жылғы 20 ақпанда облыстық әкімдік ғимаратында бағдарлама бойынша мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну тетіктері мен шарттарының таныстырылымы мақсатында «ҚИДИ» АҚ бас сарапшысы А. Сагиевтың қатысуымен семинар-кеңес өткізілді. Семинардан кейін «ҚИДИ» АҚ өкілі «Техно Трейдинг ЛТД» ЖШС, «Каскор-Машзавод» АҚ, «ДСК-Қарайойқұрылыс» ЖШС, «Каспий Тас Жол» ЖШС, «ДИС» ЖШС, «Өндірістік Кәсіпорындар Басқармасы» ЖШС, «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС кәсіпорындарының басшыларымен кездесіп, өндіріспен танысты және кеңестер берді. 21 ақпанда «Каспий Цемент» ЖШС цемент шығаратын зауытында болды

22 ақпанда Жаңаөзен қаласындағы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында семинар-кеңес өткізді. Семинардан кейін «Жаңаөзен сүт зауыты» ЖШС, «Өзен Цемент» ЖШС, «Жанарыс» ЖШС басшыларымен кездесті.

Ағымдағы жылғы 23 ақпанда «Caspian Offshore and Marine Construction» ЖШС, «Zhamal-ai LTD» ЖШС, «Маңғыстауэнергомұнай» ЖШС, «Ақтау Теңіз Солтүстік Терминалы» ЖШС-де болды.

Іс-шаралар өткізу барысында барлық кәсіпорындар «Өнімділік – 2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қолдау шараларын алу бойынша қызығушылық танытты. Кәсіпкерлер аталған семинар-кеңеске белсенді қатысып, қойылған сұрақтарына толықтай жауап алды.

Қазіргі таңда «Arcelor Mittal Tubular Products Aktau» АҚ мен «КазАзот» АҚ компаниялары қолдау шараларын алды. Атқарылған жұмыстың  нәтижесі - «Өнімділік – 2020» бағдарламасына Маңғыстау облысынан қатысушылардың көбеюі мен өңір кәсіпорындарының өндіріс тиімділігінің артуы болып табылады.

«Өнімділік – 2020» бағдарламасына қатысуға қызығушылық танытқан  жағдайда, бағдарлама бойынша толық ақпаратты www.kidi.gov.kz «ҚИДИ» АҚ сайтынан алуға болады, Маңғыстау облысы бойынша тәлімгер бас сарапшы А. Сагиевтың байланыс деректері - 8 (7172)79-99-21.


Ақпараттық ресурстар
Сайт карталары