Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы

10.03.2017
359
15:57
Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға арналған жалпы конкурс туралы хабарландыру

Конкурстың барлық қатысушыларына қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

Д-О-4 санатты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа  төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Санат

Қызмет еткен жылдарына қарай

min

max

Д-О-4

83282

112430


«Маңғыстау облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі, 130000, Ақтау қаласы, 14 шағын аудан, № 1 ғимарат, 3- қабат, 306 кабинет, анықтама телефондары 8 (7292) 313589, тел/факс: 435552 e-mail. Mangystau.gov.kz, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына  орналасуға арналған конкурс жариялайды:

Бас маман – бухгалтер (негізгі қызметкердің 2019 жылдың 12 сәуіріне  дейін бала күту демалысы кезеңіне), Д-О-4 санаты, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері:Басқарманың қаржылық қызметін ұйымдастыру. Басқарманың бюджетінің орындалысы бойынша бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды қамтамасыз ету. Жоспарлық көрсеткіштер мен қазынашылық органдарының мәліметтерін ескере отырып, бюджеттің орындалысы туралы есепті уақытылы жасақтау.  Бухгалтерлік есептерді  жетілдіру, бюджет қаражатын тиімді жұмсау жұмыстарын ұйымдастыру, мақсатсыз қолдану фактілерін болдырмау.  Қаржылық тауар-материалдық құндылықтарды, негізгі құралдарды есепке алуды жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу. Басқарма бөлімдерін материалдық-техникалық құралдармен  жабдықтау және оларды уақытылы есептен шығару жұмыстарын ұйымдастыру бойынша ұсыныстар енгізу. Тауарлардың, жұмыстар мен  қызметтердің мемлекеттік сатып алу бойынша жасалған шарттардағы қаржы мәселелеріне талдау жасауын бақылау және талдау жасау. Мемлекеттік сатып-алу мәселелері бойынша деректер дайындау және ұсыныстар жасақтау. Мемлекеттік сатып-алу келісім шарттары бойынша есептік мәселелері бойынша тиісті жұмыстармен оның орындалысы туралы жұмыстарын сапалы және уақытылы жүргізу. Аппараттың қаржыландыру жоспарының орындалысы туралы айлық және тоқсандық есептерін уақытылы жасақтау, бухгалтерлік есептің шарттарын сақтау. Жеке және заңды тұлғалардың басқарманың есеп және қаржы мәселелеріне байланысты өтініштерін ҚР қолданыстағы заңнамаларына сәйкес тиісті дәрежеде және уақытылы орындау.  Ведомствалық мұрағатқа тапсыру үшін бөлім құжаттарын дайындау жұмыстарын жүргізу және бақылау.  Бас маман-бухгалтер басқарма басшысына тікелей бағынады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы).

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1)«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына  орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

2)  3х4 үлгідегі суретпен «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына

орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

3)  білімі туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

4)  еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі;

5)  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының

2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

6)  Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың

көшірмесі;

7)  құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті

мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8)конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Құжаттарды қабылдау мерзімі жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы  жарияланған күннен бастап 7жұмыс күні.  

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік

органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабардандыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «E-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде электрондық почта не «E-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді

Білімі туралы құжаттардың, еңбек қызметін растайтын құжаттың, құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың, конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытындының көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқаларымен салыстырып тексереді. Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсыну талап етілмейді.  

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш  жұмыс күн ішінде Маңғыстау облысының индустриялық-инновациялық даму  басқармасында өтеді. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетін жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке қаражаттары есебінен жүргізеді.

Конкурс комиссия жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар, сондай-ақ Маңғыстау облысының индустриялық-инновациялық даму  басқармасы басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген  бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персонады іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депуттары қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктермей персоналды басқару  қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Шағым жасау тәртібі:

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктермей уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне  конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

Ақпараттық ресурстар
Сайт карталары