Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы

2016 жылға арналған инвестициялық және сыртқыэкономикалық қызметі бойынша ЕСЕП

15.03.2017

Негізгі капиталға салынған инвестициялар

     2016 жылғы қаңтар-желтоқсандағы айындағы негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 399,7 млрд. теңгені құрады, бұл-2015 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 17,8%-ға төмен.

    Инвестицияның ең үлкен көлемі көлік және қоймалау саласына тиесілі – 110,5 млрд теңге. Бұл осы кезеңімен салыстырғанда 61,4% -ға артық. Бұл өсім 2016 жылы «Солтүстік Ақтау теңіз терминалын кеңейту» және «Құрық портында Паром кешенін салу және әмбебап жүк-жолаушылар паромдарын пайдалану», «Азық-түлік өнімдерінің сақтау қоймасын жасау»  сияқты жобалардың іске асуына байланысты болды.

     Сондай-ақ, инвестицияның өсу көлемі электр энергетикасы, газ, бу беру саласында байқалды.

   Сонымен қатар, шикізаттық емес секторының негізгі капиталға салынған инвестициясы (мемлекеттік бюджеттен берілетін инвестициялар қоспағанда) - 156,8 миллиард теңге. Бұл алдыңғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 8,1% -ға артық.  

2015-2019 жылдарға арналған Маңғыстау облысының кәсіпкерлікті қолдау картасы 

Облыс әкімдігінің 2016 жылғы 27 қыркүйектегі №301 қаулысымен   2015 – 2019 жылдарға арналған Маңғыстау облысының кәсіпкерлікті қолдау картасы жаңа редакцияда жазылды, оған сәйкес 2015 – 2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы бойынша Маңғыстау облысының кәсіпкерлікті қолдау картасының екінші бесжылдығы аясында Маңғыстау облысы бойынша 24 жобаны іске асыру жоспарланған, инвестициялардың жалпы сомасы 432,3 млрд. теңге құрайды. Осы жобаларды іске асыру үшін 3263 жаңа жұмыс орнын құруды көздейді.

2015 жылы 7,9 млрд. теңге жалпы сомасына 5 жоба іске қосылды, 347 жаңа жұмыс орны ашылды.

2016 жылы Маңғыстау облысының кәсіпкерлікті қолдау картасыаясында 6 жоба іске асырылған, оның ішінде 4 жоба толық және 2 жобаның 1 кезеңдері іске қосылған.  Жобалардың жалпы сомасы 104,7 млрд. теңге құрайды, 426 жаңа жұмыс орны ашылды:

1. «Азық-түлік тауарларын сақтауға арналған қойма бөлмелерін салу», «Азерсун өндіріс және логистика орталығы» ЖШС.

2. «Премиум» класының газ герметикалық қосындыларымен мұнай кәсіпшілігінің дайын құбыр өнімдерін шығаруға құбыр кескіш зауытының құрылысы, «Қазақстан Пайп Тредерс» (Тенарис) ЖШС.

3. Дайын өнімді шығару қуаттылығын арттыру арқылы минералды тыңайтқыштар өндіру зауытын жаңғырту, «КазАзот» ЖШС (1-кезең).

4. Ақтау халықаралық теңіз сауда портын солтүстік бағытта кеңейту, «Ақтау Солтүстік Теңіз Терминалы» ЖШС.

5. Құрық портында Паром кешенін салу және әмбебап жүк-жолаушылар паромдарын пайдалану, «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ.

6. Үй құрылысы комбинатының құрылысы, «ДСК-Актау» ЖШС.

2017 жылы55,8 млрд. теңге жалпы сомасына8 жоба және 2 жоба (1-кезең) іске қосуға жоспарланған, 465 жаңа жұмыс орны ашылады.

1. Электрсауыт жабдықтарын өндіру және қуаты 6-10-35 кВ классты қуатты трансформаторларды жөндеу, «Ақтау трансформатор зауыты» ЖШС

2. Полимер орамын өндіру зауытының құрылысы, «Достык Полимер» ЖШС

3. Сұйық дәрі-дәрмек нысаны және медициналық бағыттағы бұйымдар шығару жөніндегі фармацевтикалық кешен, «Медикал Фарм «Ча-Кур» ЖШС

4. Жиһаз және пластикалық терезе дайындаудың өндірістік цехы, Город «Мастеров» ИП Битнер А.В.

5.  Керамзит тасын өндіру зауытының құрылысы, «Актау Керамзит» ЖШС

6. «Шетпе-Бейнеу» автомобиль жолын қайта құрылымдау, «ҚазАвтоЖол» ҰК » АҚ

7. 3-ші шыныпластикалық құбыр мен фитингілер өндіру цехының құрылысы, «Шыныпластикалық құбырлар зауыты» ЖШС

8. Құрық портында Паром кешенін салу және әмбебап жүк-жолаушылар паромдарын пайдалану, «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ

9. Маңғыстау облысында күн және жел электр станциялар құрылысы, «Бест Групп НС» ЖШС (1-кезең)

10. Дайын өнімді шығару қуаттылығын арттыру арқылы минералды тыңайтқыштар өндіру зауытын жаңғырту - «КазАзот» ЖШС, (2-кезең)

2018 жылы 20,8 млрд. теңге жалпы сомасына 3 жобаны іске қосу, жаңадан 365 жұмыс орнын ашу жоспарлануда.

1. Дайын өнімді шығару қуаттылығын арттыру арқылы минералды тыңайтқыштар өндіру зауытын жаңғырту, «КазАзот» ЖШС

2. Трансформатор және кабель өндіру зауыты, «Ақтау-ЭнергоМаш» ЖШС

3. Маңғыстау облысында күн және жел электр станциялар құрылысы, «Бест Групп НС» ЖШС (аяқталуы)

2019 жылы5,4 млрд. теңге жалпы сомасына1 жоба іске қосуға жоспарланған, 120 жаңа жұмыс орны ашылады. (Жездібассай кен орнында іріктемелі экстракция мен электролиз әдісі арқылы катодтық мыс өндіру)

2022 жылы83,5 млрд. теңге жалпы сомасына2 жоба іске қосуға жоспарланған, 940 жаңа жұмыс орны ашылады. («Ащысор» тереңсулы шығанағының, «A+A Logistic» көп салалы логистикалық орталығының құрылысы).

2025 жылы 154 млрд. теңге жалпы сомасына 1 жоба іске қосуға жоспарланған, 600 жаңа жұмыс орны ашылады. (Саржа» көп функциялы теңіз терминалының құрылысы)

 «Ақтау теңіз порты» АЭА

«Ақтау теңіз порты» АЭА аумағында жоғары технологиялық экспортқа бағдарланған өндірістермен толтыру бойынша жұмыс жалғасуда. Құрылған сәттен бастап «Ақтау теңіз порты АЭА» аумағында шамамен 79,8 млрд. теңге инвестициялар тартылды, 234 млрд. теңгеге өнім өндірілді, 19,4 млрд. теңгеден астам бюджетке салықтар төленген, 31 қатысушы тіркелді, оның ішінде 15 жоба іске асырылды. Оның ішінде Тенарис италяндық компаниясының «премиум» класының газ герметикалық қосындыларымен мұнай кәсіпшілігінің дайын құбыр өнімдерін шығаруға құбыр кескіш зауытының құрылысы», «Ақтау солтүстік теңіз терминалы» ЖШС-нің «Ақтау халықаралық теңіз сауда портын солтүстік бағытта кеңейту», «Caspian Offshore and Marine Construction» ЖШС-нің  «Теңіз металл конструкцияларын шығару бойынша зауыты» т. б. іске асырылған ірі жобалар болып табылады.

2017-2021 жылдарда жалпы сомасы 54 млрд. теңге болатын 16 жобаны іске асыру жоспарлануда. «Ақтау теңіз порты» АЭА-да» жұмыс істеу кезеңі аралығында 1000 жұмыс орны құрылды. 2020 жылға дейін 2107 жұмыс орнын құру жоспарланып отыр. 

Субзона аумағында келесі жобаларды орналастыру жоспарланған:

- №2 субзонада: мұнайды және мұнай өнімдерін бөліп ауыстырып тиейтін кешенді, көлік-логистикалық орталығын құру;

- №4 субзонада: мұнай өңдеу зауытының құрылысы.

Жарлыққа сәйкес, «Ақтау теңіз порты» АЭА» жалпы аумағы» - 2000 га құрайды.

Бұл ретте АЭА-ның мақсаттарына арналған аумағында (№1 субзона – 298,3 га, № 2 – 490 га, № 3 – 194,5 га, № 4 – 147,7 га № 5 – 640,4 га, № 6 – 39,6 га, жағалық субзона – 189,5 мың га) облыстың аумағында бөлек орналасқан 7 жер учаскесі (субзоналар) бар.

Қазіргі уақытта №1 және №3 субзоналарында инженерлік инфрақұрылым тартылған, № 2 және №4 субзоналарында ЖСҚ әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ, 2018 жылы №5 және №6 субзоналарының ТЭН әзірлеу жоспарланып отыр.

Сыртқы экономикалық қызметінің жай-күйі туралы анықтама

Маңғыстау облысы әлемнің 86 елімен экспорттық-импорттық операцияларды, оның ішінде әлемнің 38 елімен экспорттық операцияларды, ал 76 елімен импорттық операцияларды жүзеге асырады.

Маңғыстау облысының 2016 жылы қаңтар-желтоқсан айында сыртқы сауда айналымы 3,7 млрд. АҚШ долл., оның ішінде экспорт – 3,4 млрд. АҚШ долл., ал импорт – 228,5 млн. АҚШ долл. құрады. Ұқсас кезеңімен салыстырғанда, сыртқы сауда айналымы 18,6%-ға азайған (2015 жылғы қаңтар-желтоқсанда айналымы 4,55 млрд. АҚШ долларын құраған) экспорт 16,4%-ға азайған (2015 жылғы қаңтар-желтоқсанда бұл көрсеткіш 4,07 млрд. АҚШ долларын құраған), ал импорт - 52,2% азайған (2015 қаңтар-желтоқсанда бұл көрсеткіш 478,4 млн. АҚШ долларын құраған).

Тауар айналымының едәуір азаюы өнімдер экспортының төмендеуіне, мұнай бағасының өсуіне байланысты болды. Бұл жағдай өңірдегі мұнай компанияларының мұнай өнімдерінің экспорт көлемін азайтуына әкелді.

2016 жылы Маңғыстау облысында Армения, АҚШ, Түркия, Иран, Қытай, Германия, Нидерланд, Италия, Әзірбайжан, Франция және Аустралия сияқты алыс және жақын шетелдердің 11 елінің сауда-экономикалық миссиясы жұмысын ұйымдастыру қамтамасыз етілді.

Осы сапарлар шеңберінде облыс басшылығы, жергілікті бизнес-қауымдастықтың өкілдерімен кездесулер өткізілді. Екіжақты кездесу барысында сауда-экономикалық, әлеуметтік, мәдени байланыстарды одан әрі нығайту мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ, 2016 жылы 23 мамырда Маңғыстау облысының әкімдігі мен қытайлық CITIC Group корпорациясы арасында инвестициялар туралы меморандумға қол қойылды және 2016 жылғы 8 желтоқсанда Иран Ислам Республикасы Гүлістан провинциясының делегациясы сапары кезеңінде  Маңғыстау облысының әкімдігі мен Гулістан провинциясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


Ақпараттық ресурстар
Сайт карталары